Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТТА РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АВТОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Менің Туым, Менің Отаным” атты тақырыпта 4 маусым рәміздер күніне орай, Қазығұрт тауының ең биік шыңына көк туымыз тігілді, деп хабарлайды elordafocus.kz.
Қазығұрт — Шымкенттен оңтүстікке қарай 22 шақырымға созылып жатқан ұзын тау сілемі. Оның ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте орналасқан. Тау деген атауына аласа болып болып көрінуі мүмкін, бірақ оның Қазақстанның рухани әлеміндегі маңызы өте зор. Аңыз бойынша Нұхтың кемесі Қазығұртқа тоқтаған. Осы жерден әлемнің жаңа тарихы басталады.
Тәуелсіз Қазақстанның нышандары — Ту, Елтаңба және Әнұран. Қазақ елінің бұл нышандары – мемлекетіміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы. Әрі еліміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстан да өз егемендігін жариялаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.
Айта кетейік, Рәміздер күніне орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жылдағы дәстүрге сай арнайы автошеру жүргізілді. Аудандық полиция бөлімінің бастауымен жүрген көліктер шеруі мемлекеттік Туды биік көтеріп, ауданның орталық көшелерін жүріп өтті. Бұл шараның басты мақсаты, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті көрсету, Көк туымызды биікке көтеру, барша халық арасында патриоттық сезімді ояту мен Рәміздерімізге деген сүйіспеншілікті күшейту болды.
Мемлекеттік рәміздеріміздің мерейі әрдайым үстем болсын!

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ СҮТ ЖӘНЕ ЖЕМІС, КӨКӨНІС ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАР ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ҚАМТЫЛУДА

Admin

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Admin