Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

БӘЙДІБЕК: МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бәйдібек ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуге арналған іс шара өтті, деп хабарлайды elordafocus.kz. Алаңға жиналғандар мемлекеттік тумен келді. Шара басында Әнұранымыз орындалып, жиналған көпшілікті аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков құттықтап, мерекенің маңыздылыған тоқталды.
Айтулы күні аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Аудандағы мекеме қызметкерлері мен аудан жастары аталған шарада автошеру ұйымдастырып, Шаян ауылындағы Б.Қарашаұлы, Т.Рысқұлов, Тәуелсіздік, Күлтөбе көшелерімен жүріп өтіп, аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
Сонымен бірге, Бәйдібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің нышаны» тақырыбында кітап көрмесі жасалынып, оқырмандарға таныстырылды.
Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Ұқсас жазбалар

1992 жыл: Республиканың мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілді

Admin

ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР 4 НАУҚАСҚА ЕСТУ МҮМКІНДІГІН СЫЙЛАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ШЕКАРА МАҢЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin