Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАС ПАТРИОТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова халықаралық ІХ «Айбын» әскери патриоттық жиынына Түркістан облысының атынан қатысып, ІІІІ орынды иеленген «Арыс» әскери патриоттық клубының жетекшілері мен мүшелерін кездесіп, құрмет көрсетті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz.
— Қаламыздың әскери-патриоттық клубының мүшелері мен жетекшілері Арыс қаласы атынан үлкен додаға қатысып, әскери білімді қайсарлықпен игеріп, Түркістан облысының намысын абыроймен қорғады. Мұндай іс-шаралар қазақстандық патриотизмнің дамуына, халықаралық достықты нығайтуға және жастарды ұлттар арасындағы келісім рухында тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді. Халықаралық деңгейінде өткен іс-шараға белсене араласып, көшбасшылық қабілетімен көзге түскен Сіздерге Алғысымды білдіремін. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен шаттық тілеймін! – деді қала әкімі.
Айта кетейік, Қарағанды қаласының Спасск қаласында өткен ІХ «Айбын-2023» әскери-патриоттық халықаралық жастар жиынына еліміздің 20 өңірі мен Әзірбайжан және Өзбекстан Республикаларының 43 команда, 700-ден астам адам қатысты. Олар әскери қолданбалы спорт түрлері, интеллектуалдық және шығармашылық жұмыстар бойынша өзара сайысқа түсті.
Оның ішінде щалқалап жатып денені көтеру (пресс) сайысында Атажан Айдана топ жарып, минутына 79 мәрте жаттығу жасап рекорд орнатты.
Жалпыәскери қорғаныш жиынтығын плащ түрінде кию (ОЗК) сайысында «Арыс» ӘПК мүшелері Баймұрат Нұрдаулет және Үсен Еңлік командалық есепте 1-орын алды. Және жекелей ұлдар арасында Баймұрат Нұрдәулет, қыздар арасында Үсен Еңлік 1-орын алып рекорд жасады.
Белтемірге тартылу сайысы бойынша ұлдарымыз командалық есепте ІІІ-ОРЫН алып, топ мүшесі Мырзақасым Азамат белтемірде 47-рет тартылып жекелей ІІІ ОРЫНҒА ие болды.
Ад, ұлттық ойын тоғызқұмалақ сайысында топ мүшесі Шынбөрі Аяулым жүлделі ІІ-ОРЫН иеленді.
Халықаралық додада Түркістан облысының намысын қолдан бермей, жүлделі орын алған жастарымыз бұдан да биік асуларды еңсереді деп сенеміз.

Ұқсас жазбалар

КӨПТІҢ ТІЛЕУІМЕН ЕЛ ТҮЛЕЙДІ

Admin

ТҮРКІСТАНДА «КЕДЕЙ ҚЫЗЫ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ БОЛЫП ӨТТ

Admin

МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

Admin