Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — КИЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ

Осыдан 31 жыл бұрын 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми бекітіліп, мемлекеттігіміздің айшықты белгісіне айналды.
Кентау қаласында айтулы шара бір мезетте Әнұранымызды шарықтатып айтумен бастау алды. Қаланың жастары Рәміздер күнін айшықты әрі тұрғындарға патриоттық сезімді ояту мақсатында қала көшелерімен авто шеру ұйымдастырды.
Сол бағытта қаланың биік жері Көктөбеде орналасқан үлкен Тудың маңайына жиналып, Әнұранымызды шарықтатты.
Шараның басты мақсаты – еліміздің мемлекеттік рәміздерін барынша насихаттау. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Айта кетейік, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарын мерекемен құттықтады: «Құрметті кентаулықтар! Қадірлі жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отанды, туған жерді сүю Мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады.
Біздің рәміздеріміз – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші. Бүгіні мен болашақ арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз рухты, салт-сананы, даналықты, арман-тілекті жеткізетін ерекше құнды мемлекеттік белгілер.
Ал біздің мемлекетіміз – бейбітшілік пен татулықтың, ұлтаралық келісім мен ымыраластықтың, биік мақсаттардың алтын бесігі.
1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.
Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері күні мерекесінің биыл 31 жылдығын атап отырмыз. Еліміздің Әнұраны әлемдік олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларының құрметіне талай рет шырқалып, рух беріп келеді.
Тағы да шырқала беретініне сенімдіміз. Елтаңбамызда Ұлттық теңгенің басып шығарылған банкноттарында бейнеленген.
Мемлекеттік рәміздеріміз алғашқы қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта да болып қайтты.
Осының бәрі тарих. Нақ осы мемлекеттік рәміздер – біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар Отан тәуелсіздігінің қасиетті, біріктіруші бейнесін танытады.
Біз, болашақта бұдан да бай, қуатты елде өмір сүретінімізге сенімдіміз. Ендігі тілек бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, Тәуелсіздік туы желбірей берсін.
«Менің Қазақстаным» атты ұлы Әнұран әрбір қазақстандықты бірлік пен татулыққа үндей берсін. Тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз бостандықтың, жарқын өмірдің символы бола бергей.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы желбірей берсін! Мемлекеттік Әнұранымыз мәңгілік шырқала берсін! Мереке құтты болсын!», делінген құттықтауда.

Ұқсас жазбалар

САЙРАМ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «TURKESTAN TEXTILE» ИМПОРТТЫҢ ОРНЫН БАСУҒА ОҢ ӘСЕРІН ТИГІЗЕДІ

Admin