Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ОТЫРАРДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛІП, ӘНҰРАН ШЫРҚАЛДЫ

Отырар ауданында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Отансүйгіштік – мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» тақырыбында аудан жастарының марафоны болып өтті, деп хабарлайды elordafocus.kz. Ұйымдастырылған Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты — қазақстандық патриотизм дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимнге деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.
Алдымен еліміз бойынша бір уақытта Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды. Аудан орталығындағы «Жібек жолы» даңғылы бойында халық көп шоғырланған орындарға жиналған көпшілік Әнұранды қосыла шырқап, Рәміздерімізге құрмет көрсетті.
Салтанатты шара одан әрі аудан жастарының мерекелік автошеруіне ұласты. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятып, патриотизмге үндеп, батылдыққа тәрбиелеген автошеруде көк туымызды көкке көтеріп, орталық көшелермен жүріп өтті.
Шәуілдір ауылына кіре берістегі «Қобыз бен домбыра» композициясының алдында Мемлекеттік туды аудандық полияция бөлімі бастығының орынбасары Медет Бөрібеков қабылдап алып, Белбеу күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы Қалмұхан Тұрмағанбетке табыстады. Әлем чемпионы көк байрағымызды көкке көтеріп орталық көшені жүгіріп өтіп, Мемлекеттік туды аудан орталығындағы алаңда аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейітжановқа табыстады.
Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстан да өз егемендігін жариялаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Содан кейін күн тәртібінде мемлекеттік рәміздерді қабылдау мәселесі тұрды. Егемендіктің ерекше белгісі еліміздің Мемлекеттік рәміздері де көп уақыт өтпестен 1992 жылғы 4 маусым күні қабылданып, осы күн айшықты мереке ретінде белгіленді.
Әрбір азаматтың Отанын, жерін, елін қорғауға деген сезімін оятып, сенімін нығайтатын Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған шаралар «Менің туым-менің мақтанышым» атты челленджі мен мерекелік құттықтауларға ұласып, отырарлықтар қастерлі мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.

Ұқсас жазбалар

САУРАНДЫҚ ТҰРҒЫН “АУЫЛ АМАНАТЫ” ЖОБАСЫМЕН СҮТТІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛҒА АЛҒАН

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Admin

«TURKISTAN» КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ 1200-ГЕ ЖУЫҚ БИЗНЕС ЖОБАНЫ СҮЙЕМЕЛДЕГЕН

Admin