Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

РӘМІЗДЕР КҮНІ: «КӨНЕ САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНАН — КИЕЛІ ТҮРКІСТАНҒА» АТТЫ АВТОШЕРУ ӨТТІ

Түркістан облысы Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 4 маусым — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне орай, «Көне Сауран қалашығынан – киелі Түркістанға» атты көк байрақты автошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz.
Шараға Сауран ауданына қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтер, мемлекеттік мекемелер, білім, денсаулық саласының қызметкерлері белсенді қатысты.
Автошеру Сауран қалашығынан басталып, Түркістан облысының 5 жылдығына орай Түркістанда өтіп жатқан «Өнерлі өлке» облыстық фестивалі аясында Сауран ауданының мәдени күндерімен жалғасты.
Мерекелік шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері ұлықталып, жиынға келген көпшілік Әнұранды қосыла шырқап, рәміздерге құрмет көрсетті. Жиында Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев мерекелік шараға жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
— Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, әлем алдындағы өзінің әлеуетін көрсетер мызғымас негіздерінің бірі. Ендеше, азат елдің айбынды нышаны саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу — бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың парызы, басты міндеті деп білемін. Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Елтаңбамыз — еңселі, Туымыз — тұғырлы, мемлекеттік Әнұранымыз — айбынды болсын , — деді аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев.

Ұқсас жазбалар

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ЕҢ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Admin

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТҮРКІСТАНДА АЛТЫ ЖАСТАҒЫ БАЛАДАН АЛПЫСТАҒЫ ҚАРТҚА ДЕЙІН ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСУДА

Admin