Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ордабасы аудандық орталық кітапханасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай оқырмандарды аса маңызды мемлекеттік белгілер — рәміздермен жан — жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау. Оқырманға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты көрме панорама жасады.
Айта кетейік, 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Қазақстан халқы мерекені 24 жылдан бері атап өтіп келеді.
Еліміздің мемлекеттік туын жасаумен 600 адам шұғылданып, комиссия қарауына 1200 рәміздер нұсқасы ұсынылған.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, мызғымас негіздерінің бірі.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Ендеше, азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.
Осы мерекелік күні баршаңызға амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!
Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, еліміздің Мемлекеттік көк байрағы биікте желбіреп, мәртебесі арта берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
