Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

ЕРЛАН ҚАРИН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ КӨПТОМДЫҒЫН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағын әзірлеуге қатысты кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекеттік кеңесшіге бұған дейін белгілі тарихшы ғалымдармен кездесуде айтылған кемшіліктерді түзету және атқарылған басқа да жұмыстар жайында баяндалды.
Көптомдыққа қажетті материалдардың барлығы жинақталып, ол бірнеше сатыдан тұратын сараптамадан өтіп, параграфтарға бөлініп, ғалымдар ел тарихын жазып шыққан.
Бүгінде кей томдар толықтырылып, кейбірі біріздендіріліп жатыр.
Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізу қажет екенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жазбалар

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстарының барысымен танысты

Admin

Конституция және құқықтық мемлекет

Admin

Рост экономики Казахстана за 10 месяцев составил 4,5%

Admin