Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын жақсартуда сабақтың тиімділігін, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында серіктес семинарлар, дөңгелек-үстелдер, тәжірибе сабақтары мен түрлі тәжірибе алмасу іс-шаралары өтуде. Ұстаздар жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, пәнге қызығушылықтарын көтеру әдіс-тәсілдерін ортаға салады.

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Рсымбетова және «№69» жалпы орта білім беретін мектебінің жетекшілігімен осы аталған мектепте «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында серіктес мектептер арасында семинар өтті.

Семинардың мақсаты — жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету; пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру; критериалды бағалау жүйесін түсініп қолдана білуін қамтамасыз ету.

Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев мектебінен география пәні мұғалімі Сеитов Ерлан, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Тапелова Батиха келіп, тәжірибе сабақ пен шебер сабақтар өтті.

Сонымен қатар, «№69» жалпы орта білім беретін мектебінде “Аяласаң, табиғатты аяла!” атты Экология кабинет ашылды. Семинарға аудандағы білім беру ұйымдарының басшылары мен 60 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты.

Түркістан облысы, Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Нұрлан Қырбасов, бөлім әдіскерлері: А.Нұрмаханбетова мен Ә.Дарганова сынып жетекшілеріне арнап, семинар ұйымдастырды. Төлеби ауданының Зертас ауылындағы Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектепте өткен семинарға аталмыш бөлім басшысының міндетін атқарушы Б.Тойлыбаев қатысты. Тренингте «Бестерек» жобасы бойынша сынып жетекшілер атқаратын жұмыстар, «психологиялық паспорт», сыныпта жағымды ахуал орнату, оқушымен тіл табысу тақырыбы аясында сөз қозғалды. «Сынып жетекшілер шеберханасы» бөлімінде ата-аналармен жұмыс жүргізудің жаңа форматы туралы айтылса, ал топтарға бөлінген педагогтар өз идеяларымен бөлісіп, ұлттық құндылықтарымыздың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы жөнінде сөз етті. Сондай-ақ, осы құндылықтарды сақтап қалудың жолдарын қарастырды. Семинар соңында аудандық сынып жетекшілер қауымдастығы құрылып, кері байланыс орнатылды.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес №36 жалпы орта мектебінде «Тарих пәнінен оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді мұғалімнің рөлі» атты тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен аудандық семинар өтті.

Жалпы өңірде өткізіліп жатқан семинарлардың мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгертулер енгізілуіне байланысты жаhандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, олардың білімге деген құштарлығын ояту және жаңа оқыту әдіс тәсілдерінің қажеттілігін түсіндіру болып табылады

 

 

Ұқсас жазбалар

ORDABASY: ОҚУШЫЛАРДЫ ҚУАНТҚАН ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

Admin

ТҮРКІСТАН: ТАБЫСТЫ ЖАСЫРМАУ, САЛЫҚТАН ЖАЛТАРМАУ – ҮЛКЕН МІНДЕТ

Admin

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — КИЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ

Admin