Түркістан қаласында “Мұғалімдер спартакиадасы” мұғалімдер арасында облыстық іріктеу жарысы аяқталды. Ұстаздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау, жарыс түрлері арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
Ұстаздар спорттың 3 түрінен: волейбол, үстел теннисі, шағын футболдан жарысқа қатысып, спорттық қырларынан танылды.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша волейболдан әйелдер арасында бірінші орынды Түркістан қаласының ұстаздары жеңіп алса, екінші орынды Саялы Сарыағаштың қыздар командасы иеленді. Үшінші орын Бәйдібек ауданының ұстаздарына бұйырды. Осынау байрақты бәсекеге білім бөліміне қарасты мекемелерінен 11 команда, 500-ге жуық ұстаздар қатысты. Ойын аса тартысты өтті. Жарысқа қатысқан әрбір ойыншы, команда абырой биігінен табылып, жеңіске жетуге бар күш-жігерін сала білді.
Жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз, жаңа жеңістерге жете беріңіздер!
