Түркістан облысы, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шардара» мектеп – лицейінде «Балалар жылы» аясында, 1981 жылғы мектеп бітіруші түлектер «Алтын белгі» иегері, Шардара ауданының «Құрметті азаматы», «Прокуратура органдарының құрметті қызметкері» Қаныбеков Мейрамбек және Халбаева Нұрсұлу ханым өздерінің отбасы атынан туған елге, алтын ұя мектебіне тағызым ретінде, білім алушы «үздік» және «жақсы» бағаларға ие болған оқушыларға 2021 — 2022 жаңа оқу жылынан бастап ай сайын ақшалай жәрдемақы яғни, ынталандыру степендиясын ұсынып келеді.
2022 – 2023 оқу жылының І тоқсанда Нұрсұлу ханым сыныптастарымен келіп, оқушыларға ең басты міндеттері сабақтарыңды жақсы оқып, алдағы биік асуларды бағындырып, өз болашақтарын жарқын етуге ұмтылып, ынталандыру степендиясын алуға тырысыңдар деп, алдағы уақыттағы степендияның өскенін айтып, Еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында екендігін айта келе, өз арман — мақсаттарына жету жолында білімді, ұқыпты болуға шақырды.
Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз, — деп Әл — Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі кеш қонақтарын аталған білім ордасының басшысы Сапаров Жанат Әуелтайұлы, алтын ұя мектебіне тағызым етіп келген 41 жыл бұрын «Шардара» орта мектебін бітірген түлектерге, оның ішінде Қаныбеков Мейрамбек пен Халбаева Нұрсұлу ханымға мектеп — лицей ұжымы атынан алғыс айтып, «Балалар жылы» аясында балаларға ерекше көңіл бөліп, қолға алған еселі еңбектеріңізге мол табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тіледі.
Сондай – ақ, ісшара әдеби — сазды бағдарламасына ұласып, оқушылар жүрекжарды лебіздерін айтып, жақсы көңіл – күймен қайтты.
