Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА «МЕКТЕБІҢЕ ДОМБЫРА СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Сауран ауданында «Балалар жылы» аясында «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы өтті. Акция былтыр тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай, Түлкібас ауданында бастау алған болатын.
Ұлттық өнерді ұлықтап, өскелең ұрпақтың бойына дәстүрлі өнерді сіңдіре отырып, ұлттың қамын ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы қатысып, өзінің тілегін білдірді.
Ауданда өткен «Мектепке домбыра сыйлау» акциясында Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы бастаған ауданның бөлім басшылары, мектеп директорлары мен пән мұғалімдері, кәсіпкерлер мен ата-аналар демеушілік етіп №13 жалпы орта мектебіне домбыра сыйлады.
Шара барысында ұйымдастырушылар қазақ пен домбыра – егіз ұғым екендігін, күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт бергендігін, домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазына екендігін түсіндірді. Жиын соңында мектеп оқушылары әсем ән орындап, би билеп концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұқсас жазбалар

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КҮН ТӘРТІБІНДЕ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 900 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕРГЕ КӨКӨНІС, БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ МЕН ЕГІН ЕГІЛУДЕ

Admin