Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

САРЫАҒАШТА ДІН ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесіне орай жиын өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Жиынға аудан аумағындағы діни конфессиялар жетекшілері және өкілдері бас қосып, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері кеңінен талқылады. Дін өкілдерімен жүздескен ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев дін өкілдерін айтулы күнмен құттықтады,
— Сіздерді «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бейбітшілік пен рухани келісімнің, жоғары моральдық және адамгершілік құндылықтардың жақтаушысы бола отырып, Сіздер дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келесіздер. Рухани келісім күні бірліктің, мейірімділік пен өркендеудің символына айналсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!- деп А.Қозыбаев жылы лебізін білдірді.
Жиын соңында діни конфессиялар жетекшілері аудан әкімінің алғыс хаттарымен және арнайы сый-сияпаттармен марапатталды.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ 1 ҚАЗАНДА АЯҚТАЛАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Admin