Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

САРЫАҒАШ: ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Елімізде әр жыл сайын ерекше қажеттілігі бар азаматар күні аталып өтіледі. Осы орайда бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен «Нариман» мейрамханасында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға дастархан жайылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов сөз алып – «Халықты әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғау Президент пен Үкіметіміз жүргізіп отырған сындарлы саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан біздің елімізде қарттар мен аз қамтылған отбасыларды, ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен балаларды қорғаудың нақты жүйесі қалыптасқан. Ауданның әрбір азаматы біздің назарымызда, оларға әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарымыз жылдан жылға жақсарту үшін жұмыс жасайтын боламыз. Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, Тәуелсіз еліміздің мақтанышы бола беріңіздер»- деді Бақытжан Полатов.
Мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламамен үйлесімін тапты.
Айта кетсек бігінгі таңда ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде 5 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, аудандағы тұрмысы төмен ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен балаларға демеушілер есебінен тұрақты түрде қолдау көрсетіліп отыр.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Admin

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ЖАБЫҚ БАССЕЙН АШЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРЬЕРЛЕРДІ ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Admin