Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Спорт

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түлкібас ауданында көкпар десе, ішкен асын жерге қоятын азаматтар аз емес. Солардың бірі – Түркістан облысының №6 спорт мектебінің түлегі, Азия чемпионы Әділет Мамыт. Ол жуырда Түркияда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама сапында әлем чемпионы атанды.
Ел мақтанышын бапкерлерімен және өңірде көкпар спортының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жандармен бірге Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Атап айтсақ, КСРО-ның 9 дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаев, Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Ғани Ахметбаев, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, белгілі шабандоз Жаныс Тұрсынұлы және өзге де азаматтар болды.
Нұрлан Мархабатұлы ұлттық кодымыздың ажырамас бөлігі, көкпар спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың салт-дәстүрімізге сай иықтарына шапан жауап, естелік сыйлықтар мен Алғыс хат табыстады.
Түлкібас ауданының тумасы, спорт жанашыры Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының президенті, жеке кәсіпкер Нұрғали Төребекұлы ауданның мерейін үстем еткен Әділет Әмірбекұлына 1 млн. теңгенің сертификатын табыс етіп, алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екенін тілге тиек етті.
Қазақстан құрамасы Түркиядағы доданың финалында Қырғыз құрамасынан 2:3 есебімен ұтылып тұрған жерінен Әділет Әмірбекұлы салым санын теңестіріп, шешуші ойында командасын жеңіске бастай білді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Admin

ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІНДЕ 150 ШАБАНДОЗ ҚАТЫСҚАН КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ

Admin