Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҚАСҚАСУДАҒЫ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-93 «Қасқасу-Кеңесарық-Майбұлақ» автомобиль жолының 1,65 шақырымы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Жөндеу жұмыстары барысында ескі асфальт жабындысы толықтай жаңартылып, қауіпті аймақтарға 250 метр қашықтықта арнайы темір жолақтар орнатылды. Сондай-ақ, елдімекеннің ішіне 2 жақтама аяқжол салынып, 55 дана жарықтандыру шамдарымен қамтамасыз етілді.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жөндеу жұмыстарын мердігер «Достық Спец Транс» ЖШС жүргізген. Атқарылған жұмыстардың сапасы тиісті мекеме тарапынан тұрақты бақылауда болды.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕР ЖЫЛЫНА 5-6 МЫҢ КӨШЕТ ШЫҒАРАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ ШАЛҒАЙ АУЫЛДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Admin

РЕФЕРЕНДУМ: В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НА ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ УЧАСТКАХ ОРГАНИЗОВАНЫ ФОТОЗОНЫ

Admin