Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 393 КӨШЕ ЖАРЫҚШАМДАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан қаласы аумағындағы 393 көше жарықтандыру жүйесімен қамтылып, жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептегенде 44,9%-ды құрайды.
Биыл Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізілді. Оның қазіргі уақытта 123,1 шақырымды 93 көшесі толығымен іске қосылды.
Қазіргі уақытта қалған, 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық шарт әзірленіп жатыр.
Нәтижесінде, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 61,1%-ға жетеді.
Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда.
Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары «Бірлік» тұрғын алқабына қарасты 33 көшеде жүзеге асырылуда.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН РЕТТЕУ, ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҢАША БАҒЫТТА ЖҮРІП ЖАТЫР

Admin

САУРАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ, “ӨНЕРІМ САҒАН — ҚАЗАҚСТАН!” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ ДҮРІЛДЕП ӨТТІ

Admin