Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 12 000 тонна қара қорғасын және 1 600 тонна қара мыс өндіруге қауқарлы. «Шымкент Смелтинг» ЖШС-гі қорғасын және мыс өнімдерін өндірумен қатар түсті металл мен арматура өндірісінің технологиялық желісі бар.
Өндіріс ошағындағы Қытай технологиясымен жабдықталған пештер металдарды өндіруде экологияға зиянды қалдықтарды шығармайды. Жобаның жалпы құны 2 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 200 адамды жұмыспен қамтып отырған зауыт қорғасын өнімін Өскемен қаласына, ал, қара мысты Ресей еліне жөнелтеді.
«Оңтүстік» индустриялды аймағы 2010 жылы құрылған. Бұл республиканың ең алғашқы өнеркәсіптік алаңы. Жалпы ауданы 337 гектарды құрайды. Портфолиосы шамамен 90 млрд теңгені құрайтын 87 жобадан тұрады. 7300 адам жұмыс істейді.
Айта кетейік, жалпы қала аумағында 2020 жылға жоспарланған 21 жобаның бүгінгі күнге дейін құны 17,4 млрд. теңге болатын 17 жоба іске қосылған. Онда 725 жаңа жұмыс орны құрылған. Ал, қалған төрт жоба жыл соңына дейін іске қосылатын болады.
Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны: +7 700 565 8005

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДАРДАҒЫ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Admin

ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИЛІКТЕР 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ЕККЕН

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ КІТАП ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Admin