Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТТЕ «ТӨЛЕМ» КАРТАСЫН ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?

Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі негізінде 9 қарашадан бастап сараланған (дифференцированный) тариф енгізілді. Тарифке сәйкес қолма-қол төлем 100 теңге болса, электронды төлем 70 теңге.
Карталарды автобус кондукторларынан, қаладағы 350 сауда нүктелерінен, «Зерде» дәріханаларынан және халыққа қызмет көрсету орталықтарынан сатып алуға болады.
Казіргі уақытқа дейін сатылған карталарға қатысты деректерді жүйеге жүктеу арқылы офлайн қызметін қосу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Электрондық жүйеге мониторинг жүргізу үшін «ЦДС» МКМ-де арнайы қызмет құрылды. Оған қоса, мониторинг жүргізуге 50-ге жуық ерікті тартылды. Әзірге мониторинг жүргізуге 23 жұмысшыдан тұратын 11 топ құрылды, әрі қарай қоғамдық жұмысшыларды тартып, жалпы 200 адамға дейін көбейту жоспарлануда. Аталған топтар тұрақты түрде маршруттарда жұмыстар атқарады.
Еске салсақ, қоғамдық көліктерге қатысты арыз-шағымдар бойынша «Ай көмек» — 109 нөміріне хабарласуға болады.

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Admin

4 МАУСЫМ — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

Admin

«ОҢТҮСТІК» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ БАР

Admin