Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Зейнеткерді зорламақ болған азғын неліктен арам ойынан айнығанын айтты

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған азғын ұсталды. Күдікті 70 жастағы кейуананы қалай торуылдап, арам ойынан неге айнып қалғанын да тәптіштеп айтып берді, деп хабарлады КТК.

— Шештім, сөйтіп ұстадым да, сонымен қалтасына қарадым. Мың теңге шықты. Шалбарымды шетім. Шешіп жатқан кезде дауыс естіп, тұрдым да, есіктен шығып кеттім.

Азғын айтпаса да, оның әрекеті камераға анық түскен. Осы үйдің тұрғыны, 70 жастағы әйел ішке енгенде артынан бірге кірген азамат оны буындырған. Есінен танып құлаған соң, қалтасын тексеріп, өзі айтқандай мың емес, зейнеткердің 8 мың теңгесін алыпты. Содан кейін ғана есінен танған әйелді шешіндіріп зорлауға әрекет еткен. Ол есін жиған кезде бірнеше мәрте бетінен ұрғаны да көрініп тұр. Азғын дегеніне жеткен жоқ. Подъезд ішінен дауыс естілген соң ізін суытқан. Қазір зейнеткердің жағдайы жақсы. Ал күдікті уақытша қамау абақтысында отыр.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

— Аталған фактімен ҚК 190-бабының 2-бөлігімен және 120-баптың 1- бөлігінде көрсетілген тонау және зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасы көзделген. Тергеу амалдары жалғастырылуда.

ultainasy.
Фото ашық дереккөздерден.

Ұқсас жазбалар

Касым-Жомарт Токаев выступил на торжественном мероприятии, посвященном Международный женский день

Admin

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатауды ресми түрде бірегей құқықтық мәртебесі бар «қарқынды дамитын қала» деп атауға болады»

Admin

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ: ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Admin