Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЖОБАЛАРЫ АШЫЛМАҚ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» бағдарламасы аясында Қазақстанда теңдесі жоқ мұнайды терең өңдейтін 2 жоба жүзеге асырылмақ. Олар мұнай химиясымен және көмірхимиялық комбинат өнімдерін өндірумен айналысатын болады.
Соның бірі инвестициялық құны 95 млрд. теңге болатын «Standart Petroleum & Co» ЖШС. Аталған серіктестік іске қосылғанда 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Мекеме басшылары АИ-92, АИ-95 маркалы бензин өндіріп қана қоймай, мұнайды терең өңдеу арқылы бензол, толуол, қышқыл, төмен қысымды полиэтилен, нафталин сынды өнімдер шығаруды жоспарлап отыр. Одан бөлек, зауытта сағатына 35 мВт электр энергиясы да өндірілетін болады.
Ал, «Стандарт Ресурсис» ЖШС фенол, нафталин, антрацен майы, мазут өндірумен айналысады. Зауыт жылына 30 мың тонна тас көмірді өңдеуге қауқарлы. Мұнда 60 азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады. Жобаны іске асыру үшін 1,5 млрд. теңге көлемін инвестиция тартылуда.
Айта кетейік, бұл жобалардың негізгі мердігері «ЭТН Циклон» компаниясы.
ultainasy.

Ұқсас жазбалар

Елордада Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр

Admin

ТУРКЕСТАН: РЕМОНТ ТЕПЛОЭЛЕКТРИЧЕСКОГО ЦЕНТРА В КЕНТАУ ПОД СТРОГИМ КОНТРОЛЕМ

Admin

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Admin