Алматы әкімдігінің өкілдері 2020 жылы жаңажылдық безендіруге ақша бөлмеу туралы шешім қабылдады. Алматы көшелерін безендіруге арналған қаражат басқа мақсаттарға жұмсалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасаған ultainasy.
Мәдениет басқармасының мәліметінше, биыл әкімдіктің негізгі бюджет қаражаты коронавирус инфекциямен күресуге бағытталды.
«Жаңажылдық шыршаларды орнатуға және көшелерді жарықпен безендіруге ақша бөлінбеді», — деді басқармадағылар.
Ведомство мәліметінше, былтырғы шыршалар 16 желтоқсаннан кейін қалпына келтіріліп, орнатылады.
«Биыл Алматы қаласының әкімдігі пандемияға байланысты ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізбейді. Соған қарамастан, мерекелік күндерге орай мәдениет басқармасының ведомствоға қарасты мекемелерімен 25 іс-шара ұйымдастырылды. Олардың көпшілігі онлайн форматта өтеді.
Ал дәстүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралар барлық санитарлық норманы сақтай отырып, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Жаңажылдық отшашу да қарастырылмаған«, — деді әкімдіктегілер.
ultainasy.
