Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Экономика

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте жаңа мектеп пайдалануға берілді. «Шымкент Сити» шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта білім беретін мектеп 1200 орынға арналған.
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынған білім нысанымен танысып, ғимаратты аралап көрген болатын. Білім шаңырағы лингафон, бастауыш сынып, ер балаларға арналған технология кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ, мектептің жаңа спорт залында салауатты өмір салтын ұстануға толық жағдай жасалған.
Бүгінде мектептегі оқушылар саны – 720. 3 гектар аумақты алып жатқан мектеп спорт залымен қатар, асхана, медициналық пунктпен жабдықталған. Компьютер саны – 172 дана. Мектепке бүгінде ұлағатты ұстаз Берікбай Михеев жетекшілік етеді.

Ұқсас жазбалар

БИЗНЕС ПЕН ҮКІМЕТ АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР

Admin

«НҰРЛЫ КӨШ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ 927 ТҰРҒЫН ҮЙ БАНК АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕЛДІ

Admin

ШЫМКЕНТ: ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫНЫҢ 5-ШІ КЕЗЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Admin