Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарЭкономика

Мемлекет басшысы Tulip Hall көпфункционалды кешеніне барды

Мемлекет басшысы Tulip Hall көпфункционалды кешеніне барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты.
Президент тапсырмасына сәйкес бой көтерген бұл көрікті нысан бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізуге арналған. Сондай-ақ мұнда қолөнершілердің орталығы мен шеберханалары орналасқан.
Мемлекет басшысы Шымкентте жүзеге асырылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты.
Олардың қатарында отандық «СМЭУ Астана» әзірлемесіне негізделген бағдаршамдарды интеллектуалдық басқару жүйесі, Avtobys цифрлық платформасы бар. Sergek Group және Freedom Telecom компанияларымен бірге FWA 5G технологиясы негізінде жұмыс істейтін, жол қозғалысы мен мен қоғамдық тәртіпке үздіксіз мониторинг жүргізетін сыртқы бейнебақылау және жылдамдығы жоғары интернет жүйесі енгізіліп жатыр.

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІП ИЕЛЕРІНІҢ САНЫ 6,6 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫНА 16 МЫҢ ТОННА ҚЫЗАНАҚ ПЕН ҚИЯР ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ БАР

Admin

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 38 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Admin