Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Планетадағы ең қауіпті арал — «жылан аралы»

Жер бетінде адамның аяғы басылмаған орындар бар. Тіпті адам баласы барғысы келмейтін орындар да жеткілікті. Оларға Бразилиялық Кеймада-Гранди аралы жатады. Өйткені бұл аралды тек улы жыландар ғана мекен етеді. ⠀

Бұрын аралда адамдар өмір сүрген, бірақ жыландар адамдардың аралды тастап кетуіне себепші болған. Енді олар аралдың толық иесі. Аралдың ауданы 0,43 км2 және теңіз деңгейінен биіктігі 200 м. Аралдың әр шаршы метріне 3-5 жылан келеді…

Аралда маяк орнатылған. Бұрын ол аралда өз отбасымен бірге тұрған қараушы болды. Бір күні кенеттен қараушымен байланыс жоғалып кетті. Аралға келген адамдар қараушыны отбасымен бірге өлі күйінде тапты. Өлім жыланның шағуынан болған. Ал маяк қазіргі уақытта, тек автономды режимде жұмыс істейді.

Жыландар аралдан тек адамдарды ғана ығысырмады, аралда ешқандай жануарлар, ұсақ бауырымен жорғалаушылар мен жәндіктер жоқ. Жыланның негізгі тамағы — құстар.

Бразилияның билігі қарапайым адамдар мен туристер үшін аралға кіруге шектеу қойды. Иә, оған барғысы келетіндер аз. Қазір бұл аралды туристер қайықтар мен катерлерден тамашалай алады. Аралдың жағалауында да танымал дайвинг бар.

Дегенмен, аралда көптеген жыландар қайдан келді? Аңыздардың бірінде қарақшылар белгісіз асыл қазыналарды қазып, алып келген. Ал өз қоймаларын қорғау үшін жылан ордасы пайда болған.

 

Аударған: ultainasy.

Ұқсас жазбалар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСТЫ ШИРАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Admin