Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігрі Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжат денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланған, деп жазады nur.kz порталына сілтеме жасаған Ultainasy.

Қаулыға сәйкес, енді аяғы ауыр келіншекке өзімен бірге босануға серіктес адамды кіргізуге рұқсат. Алайда серіктес коронавирусқа тапсырылған, мерзімі үш күннен аспаған ПТР анықтаманы көрсетуге міндетті. Сонымен қатар осы қаулыда Қазақстанға басқа елдерден келген адамдарға қатысты іс-шаралар өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Құжатпен толығырақ осы сілтеме арқылы танысуға болады. Қаулы күшіне 8 желтоқсаннан бастап енеді. Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстанда тағы төрт ауыл карантинге жабылды. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің хабарлауынша, бұл қатаң шаралардың барлығы өңірді «қызыл аймақтан» шығарып, науқастар санын азайту мақсатында жасалып жатыр. Бұндай режимде СҚО бір ай болады.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 712 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, Қазақстанда ауырғандардың жалпы саны 136 983-ке жетті. Сонымен бірге елде коронавирус жұқтырған балалар саны артып жатыр. 6 желтоқсан күнгі мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 014 адам ем қабылдауын жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 575 науқас жатса, 10 439 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Ultainasy.

Фото ашық интернет көзінен алынды. 

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТІ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС ДАМЫП КЕЛЕДІ

Admin

Halyk Bank қайырымдылық көмек көрсетті

Admin