Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарМәдениет

ШЫМКЕНТ: ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАДЫ

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры шымқалалықтарға жаңа премьерасын ұсынды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан театр ұжымының шығармашылығына табыс тілеп, көрерменмен бірге жаңа қойылымды тамашалады.
Қуыршақ театры бір мезетте келушілерге 8 қойылым көрсетті. Көрерменнің бір бөлігі Шахерезаданың әңгімелерін тыңдап, сахна арқылы ертегілер еліне саяхат жасады. Жастар жағы болса Ромео мен Джульеттаға қызығушылық танытты.
Ал ересектер «Қазақ ауылын» тамашалады . Ересектерге арналған спектакльдің режиссері Антон Зайцев, Хореограф-режиссер Гүлжан Дәулетқұлова, сценарий авторы Елена Локшина. Жаңа премьералар апта бойы көрермен назарына ұсынылады.
(с) Құттыбике Нұрғабыл
Фото: Серик Косаев

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ

Admin

КОНФЕРЕНЦИЯ АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ

Admin

Астанада онлайн сауда жасау негіздері бойынша жаңа тегін курсы басталады

Admin