Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

БИЫЛ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ ЕЛ — БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 27 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Елімізде бастама алған игілікті бастамалар мол. Солардың бірі «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы. Жоба бойынша елдімекендерге тас жол төселіп, әлеуметтік нысандар жаңартылып келеді.
Биыл Түлкібас ауданы аумағындағы 11 елді мекеннің 36,8 шақырымды құрайтын 27 көшесіне «Ауыл Ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінде жөндеу жұмыстары басталды. Біршамасының мердігері анықталып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 88 пайыздан асады деп күтілуде.
Айта кетейік, 2023 жылы Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 166 елді мекенде 352 жоба жүзеге асырылып, 31,3 млрд. теңге игерілді. Нәтижесінде 297 жоба пайдалануға тапсырылды.  Аталған жобаларды сәтті жүзеге асыруды жалғастыру мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалды: ««Ауыл – ел бесігі» – маңызды әрі тиімді жоба. Аудан, қала әкімдері, жауапты басқармалар жобаларды жедел анықтап, құжатын әзірлеп, конкурстарын уақтылы өткізулері керек. Мердігерлер жұмыстарын жоспарға сәйкес атқарсын. Кешігуге болмайды. Аса қажетті нысандар бірінші кезекте жоспарға енгізілсін. Тиянақты зерделеп, жұмысты ширатуды тапсырамын», деп тиісті басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне бағдарламаның жүйелі әрі тиянақты орындалуын тапсыған болатын.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанатбек Қайыпбектің айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» арқылы биыл 165 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа 25,3 млрд. теңге бөлінді. Оның 107-сі – жаңа жобалар. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 134 елді мекеннің әлеуметтік-инфрақұрылымдық жүйелері жақсарады.
Биыл 1 сәуірдегі мәліметтерге көз жүгіртсек, 107 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша барлығына, техникалық қадағалау жұмыстары бойынша 96-сына мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған. Нәтижесінде 18 жоба бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілуде. 20 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне шағым түскен. 69 жобаның мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталмаған. Техникалық қадағалау жұмыстарына 17 жоба бойынша жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА СПОРТ КЕШЕНІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

Admin

ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Admin

Қазақстанда жүгері мен бидайды терең өңдеу жобасы жүзеге асырылады

Admin