Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ 73,7 ПАЙЫЗЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласы Қаратау ауданының 73,7 пайызы табиғи газбен қамтылған.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.
– Биыл Қаратау ауданында Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Тұран, Достық, Асар-2 және Азат шағынаудандарында табиғи газбен жабдықтау бойынша ішкі орамдық жүйелердің құрылыс жұмыстары басталды. Аталған жұмыстар аяқталса, табиғи газбен қамтылған елді мекендер көрсеткіші 85 пайызды құрайды, – деді А.Әліқұлов.
Спикердің айтуынша, ауданда 47 202 тұрғын үйдің 73,7 пайызы табиғи газбен қамтылған. Сондай-ақ, қаладағы АГРЭС-3 бойынша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Айта кетейік, ауданда жыл басынан бері су жиналатын көшелерге, яғни, ұзындығы 5,6 шақырымға ирригациялық арық орнатылған.
Фото – Береке Сейітжаппар

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ «СК-ФАРМАЦИЯ» ҚОЙМАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 АЙДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 3 ТРЛН. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Admin