Ертең, яғни, 2018 жылғы 8 қыркүйекте сағат 10:00-19:00 аралығында Алматы қаласындағы «Астана» алаңында кітапқұмар қауымға арналған «KITAP FEST 2018» Халықаралық Кітап Фестивалі өтеді.
Жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан Фестиваль отандық жазушылар мен оқырмандардың, блогерлердің, қоғам қайраткерлерінің басын қосатын қаламыздың мәдени-ағартушылық іс-шарасына айналды.
Сіздерді «KITAP FEST 2018»-де не күтеді?
— Кітап алмасу. Кітап алмасу арқылы сіз өзіңіздің кітап тізіміңізді жаңарта аласыз. Бұнда кітап жанрларының түр-түрі болады.
— I BOOK YOU ұйымдастыратын кітап алмасу
— Жазушылар шатыры. Қазақстандық жазушылар өздерінің 2017-2018 жылдары жарық көрген кітаптарымен таныстырады.
— Блогерлер шатыры. Фестивальде сіздің танымал қоғам қайраткерлерімен, журналистермен, блогерлермен танысуға мүмкіндігіңіз бар. Ал олар өз кезегінде кітапқа қатысты көптеген қызықты әңгімелерді қозғайды.
Шақырылған қонақтар: Айсана Ашим, Марина Шарипова, Айна Досмахамбетқызы және т.б.
— Кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспалар және интернет-дүкендер өз тауарларын көрмеге қоятын болады.
— Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы.
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысатын «BAURZHAN Foundation» қорының «KITAP FEST 2018» Фестивалін ұйымдастыру арқылы алға қойған мақсаты – адамдар арасында кітап оқу мәдениетін дамытып, отандық жазушылар мен оқырмандардың басын қосу.
