Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жұмыс сапары барысында Елбасы Теміртау қаласының мәдениет және демалыс саябағына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Мемлекет басшысы бюджеттен тыс қаражат есебінен саябақ аумағында салынған нысандарды аралап көрді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев саябақта қаланың өткен ғасырдың 50-60 жылдардағы тарихын бейнелейтін театрландырылған қойылымды тамашалады.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өз замандастарымен және металлургия комбинатында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестерімен жүздесіп, әңгімелесті.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TURAN» ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Admin

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтті

Admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Admin