Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Экономика

ЖОСПАР – 2025: «SHYMKENT HUB» ТЕХНОПАРКІНДЕ 100-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛЕДІ

Өткен жылы шаһарда қала әкімдігінің қолдауымен «Shymkent HUB» технологиялық паркі іске қосылған болатын. HUB-тың басты мақсаты – IT экожүйесін дамыту, цифрландыру дағдыларын енгізу, оның технологияларын дамыту, жалпы көпшілікті осы салаға қызықтыру.
Былтыр HUB-та IT-қауымдастықты дамытуға және аймақтағы стартап жобаларды қолдауға бағытталған 72-ке жуық іс-шара өткізіліп, 2 хакатон, жоғары деңгейде форумдар ұйымдастырылды. 2030-ға жуық келушілер тіркелген. Қала тұрғындарына арналған 200-ден астам білім бағдарламалары курсы ашылды. Орталық өңірдегі талантты жастарды қолдап, олардың кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасайды.
2025 жылы орталықта 120-ға жуық іс шара өткізу, кемінде 1 инкубациялық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1 хакатон өткізу және 5 стартап шығару мақсаты қойылды. Таяуда IT саласындағы қыздарға арналған «Tech Dames» қауымдастығы ашылып, жұмысын бастады. Shymkent Hub-тың негізінде құрылған Tech Dames клубы – идеяларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуға арналған алаң.
Сондай-ақ, 2025 жылы жоба менеджерлеріне, басқарушыларға арналған клуб ашу жоспарда тұр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Admin

ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ROBOPARK ЛИГА X ЖАРЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

Admin

ШЫМКЕНТ: ЖЕТІ ҚАЛАҒА ТІКЕЛЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Admin