Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ӘлеуметҚоғамМәдениетСаясат

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Түркістан облысының Жетісай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы шеңберінде «Жетісай – таза қала» атты ауқымды сенбілік өтті.

Экологиялық акцияға аудан әкімі Серік Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, мәслихат депутаттары, мәдениет және өнер саласының өкілдері, оның ішінде белгілі әнші, ақын-сазгер Асан Пердеш, сондай-ақ қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер қатысты.

Жалпы саны 4 мыңға жуық адам қамтылған тазалық шарасы барысында аудан аумағында кешенді санитарлық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, қала мен елді мекендердің ішкі көшелері тазартылып, саябақтар, скверлер және демалыс аймақтары ретке келтірілді. Қоғамдық орындар мен жол бойлары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, шөптер шабылды. Сонымен қатар ағаштарды бұтау, әктеу жұмыстары атқарылып, жол жиектері мен инфрақұрылым элементтері сырланды.

Аудан аумағын көгалдандыру мақсатында жаңа ағаш көшеттері отырғызылып, қоршаған ортаның эстетикалық келбетін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді.

Ауқымды сенбілік Жетісай тұрғындарының ұйымшылдығы мен қоршаған ортаға деген жауапкершілігін айқын көрсетті. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай игі бастамалар өңірдің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету бағытында алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ДА ӘЛЕУЕТІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Admin

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒЫУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Admin

ШЕТЕЛДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГІСІ КЕЛЕТІН АЗАМАТТАР НАЗАРЫНА!

Admin