Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

«Заң және Тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру мәселелері талқыланды

Ордабасы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Жүрсінбаев Дәурен аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерімен кездесу өткізіп, 2025–2030 жылдарға арналған «Заң және Тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттары мен маңызды аспектілерін талқылады.
Іс-шара барысында тұжырымдаманың мақсат-міндеттері, заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар кеңінен сөз болды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін арттыру және халықпен тиімді өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА «БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ» АТТЫ БАСҚОСУ ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАНДА ЖОЛДАУДА БЕЛГІЛЕНГЕН МІНДЕТТЕРДІ ӨҢІРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАҒЫТТАРЫ ҚАРАЛҒАН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Admin

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді

Admin