Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсариннің туған күні: Білім мен ағартушылықтың жарқын үлгісі

20 қазан – қазақ даласында алғаш рет мектеп ашып, жалпыұлттық ағарту ісінің негізін қалаған ұлы педагог, жазушы, этнограф әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туған күні.«Кел, балалар, оқылық!» деп ұран тастаған ұлы ұстаздың бұл сөздері – ғасырлар өтсе де өзінің маңызын жоймаған, әрбір ұрпаққа бағыт-бағдар беретін темірқазық. Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларының дүниежүзілік ғылым мен өнерді меңгеріп, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болып өсуін армандады.Ол тек мектеп ашып қана қоймай, төл әдебиетімізде балалар прозасы мен поэзиясының алғашқы үлгілерін қалыптастырды, оқулықтар жазды. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесі мен жас буынды тәрбиелеу ісі ұлы ағартушының осы қастерлі мұраларымен тікелей сабақтасып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Примирение не является основанием для повторного освобождения от ответственности

Admin

Admin

ФУТБОЛДАН ӘУЕСҚОЙ КОМАНДАЛАР АРАСЫНДАҒЫТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫФИНАЛДЫҚ ОЙЫНЫ!

Admin