Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Үйдегі өндірістен цехқа дейін: 5 млн теңгелік грант кәсіпке жаңа серпін берді

Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Дымовар» отбасылық бизнесі жаңа деңгейге көтерілді. Ет деликатестерін үй жағдайында өндіруден бастаған кәсіпкер Алена Ахтямова «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды.

Грант қаражатына өндірістік цех жалданып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Атап айтқанда, түтіндету камерасы, вакуумды маринатор және слайсер алынды. Бұл өнім түрлерін кеңейтіп, алғашқы фирмалық дүкенді ашуға мүмкіндік берді.

Бүгінде «Дымовар» шұжық өнімдерін, ысталған тағамдарды, еттің алты түрінен жасалған бұқтырманы, паштет, ысталған құйрық майы мен жартылай фабрикаттар шығарады. Өндірістің кеңеюі биыл бес жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік қолдаудың тағы бір маңызды бөлігі – оқыту. Мамандар заңнама талаптары мен ет өндірісінің ерекшеліктерін түсінуге көмектескен.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық қор арқылы импортты қаржыландыруға жол беруге болмайды. Бұл – маңызды талап.

Admin

Қазақстан–Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастығы: Түркістан облысының инвестициялық және экономикалық әлеуеті артып келеді

Admin

​Қаралым жинау мақсатында әлеуметтік желілерде кейбір оқиғалар қарапайым деректерді тексеруден өтпей жатып, вирустық сипат алып үлгереді.

Admin