Түркістан қаласындағы «Turkistan Arena» стадионында Қазақстан чемпионатының бірінші туры аясында «Ақтөбе» мен «Тобыл» командалары арасында өткен футбол матчы барысында республикалық референдумды қолдау мақсатында арнайы акция ұйымдастырылды.
Спорттық іс-шараға жиналған шамамен 7 мыңға жуық жанкүйер ел өміріндегі маңызды саяси науқан – республикалық референдумды қолдайтындарын білдіріп, қоғамдық белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Матч алдында стадион аумағында референдумның маңыздылығын түсіндіруге бағытталған ақпараттық материалдар таратылып, келушілерге ел дамуы үшін маңызды шешімдер қабылданатын бұл саяси науқанның мәні мен маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында жастар мен спорт жанкүйерлері референдумға белсенді қатысуға шақырып, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, стадиондағы LED экрандарда референдумға қатысуға үндейтін бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
Айта кету керек, республикалық референдумға байланысты өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Түркістан облысында түрлі форматтағы кездесулер, қоғамдық іс-шаралар, мәдени және спорттық жобалар арқылы тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақыру жалғасуда.
Осындай бастамалар азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға және елдің қоғамдық-саяси өміріне кеңінен қатысуына ықпал етуде.
