Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесті. Сапар барысында ол алдымен Темірлан ауылындағы Ордабасы аудандық «Өнер» мектебінің жұмысымен танысты.

Маңызды кездесуге ауданның зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жастар мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың маңызына тоқталды.

Кездесу барысында Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Жүсіп Лесбек, «Ордабасы оттары» газетінің редакторы Ғалымжан Зиябек, аудандық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Әділет Әбухайыров және білім саласының өкілі Рүстем Үсенов сөз сөйлеп, ел дамуы мен қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікірлерін білдірді.

Жиында сөз алған Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік реформалар туралы айтып, олардың негізгі мақсаты – мемлекеттілікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру және әділетті қоғам қалыптастыру екенін атап өтті. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ел дамуына қатысты ойларымен бөлісті.

Іс-шара барысында мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындады.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында өткен бұл кездесу тұрғындар мен билік өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІКТЕР «AVTOPICNIK» АТТЫ КӨЛІК ҚҰРАП ШЫҚТЫ

Admin

ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІН ҚОЛДАУ

Admin

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына билеттер сатылымы басталды

Admin