Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ӘлеуметЖаңалықтарҚоғамСаясат

Түркістан облысында референдум күні 16 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат дауыс беруге құқылы

Түркістан облысында республикалық референдумға қатысу үшін барлық санаттағы азаматтарға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясы мәлімдеді.

Комиссияның мәліметінше, өңірде дауыс беру құқығына ие мүгедектігі бар азаматтардың жалпы саны 16 601 адамды құрайды. Оның ішінде 4 мыңға жуық азамат кресло-арбаны пайдаланады. Сонымен қатар, зағип және нашар көретін азаматтар саны – 8171, ал есту қабілеті төмен азаматтар – 4430 адам.

Өңірдегі барлық 948 референдум учаскесі толықтай «Қолжетімді орта» интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген. Бұл карта арқылы мүгедектігі бар азаматтар өздеріне қолайлы дауыс беру учаскелері туралы ақпарат алып, қажетті жағдайлармен таныса алады.

Жалпы облыс бойынша ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданған. Атап айтқанда, әрбір учаскеде тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтардың, оның ішінде кресло-арбаны пайдаланушылардың еркін қатынауына жағдай жасалған. Сондай-ақ, жасырын дауыс беруге арналған арнайы кабиналар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы бұрыштар ұйымдастырылған.

Бұдан бөлек, референдум учаскелерінде қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен мүгедектігі бар азаматтарға жасалған жағдайларға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 1,2 миллионға жуық азаматтың республикалық референдумда дауыс беруге мүмкіндігі бар екені хабарланған болатын.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ БІРНЕШЕ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Admin

1992 жыл: Республиканың мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілді

Admin

ТУРКЕСТАН: В ЗОНЕ ЗЕЛЕНОГО ПОЯСА СТАНОВИТСЯ БОЛЬШЕ САЖЕНЦЕВ

Admin