Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ӘлеуметҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУ АЯҚТАЛДЫ

Түркістан облысында республикалық референдум аясындағы дауыс беру процесі ресми түрде аяқталды. Өңір тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасады.

Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаевтың мәліметінше, облыс бойынша сайлаушылардың келу көрсеткіші 84,03 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өңір тұрғындарының елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға жоғары жауапкершілікпен қарайтынын аңғартады.

Комиссия төрағасының айтуынша, өңірде дауыс беру процесі толықтай заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, барлық учаскелерде азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына қажетті жағдайлар жасалды.

Түркістан облысында референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз – әр азаматтың өз таңдауын еркін білдіруіне мүмкіндік жасау болды. Өңір тұрғындары бұл саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетті. Көптеген дауыс беру учаскелерінде тұрғындар отбасыларымен келіп, өз таңдауларын жасады, – деді Аңсар Өсербаев.

Айта кетейік, Түркістан облысының аумағында барлығы 947 референдум учаскесі жұмыс істеді. Учаскелер таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі уақытқа дейін азаматтарды қабылдады.

Бұл жолғы референдум өңірде тек дауыс беру процесімен ғана емес, ерекше мерекелік атмосферасымен де ерекшеленді. Көптеген учаскелерде ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын мәдени шаралар ұйымдастырылды. Наурыз мерекесінің жақындауына байланысты кейбір учаскелерде ұлттық тағамдар ұсынылып, өнерпаздардың шағын концерттік бағдарламалары да өтті.

Жалпы, Түркістан облысында референдум ұйымдасқан әрі ашық түрде өтіп, тұрғындар ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысқанын көрсетті. Референдум қорытындылары белгіленген тәртіппен жарияланатын болады.

Ұқсас жазбалар

АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА 3 ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Admin

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ЭКЗИТ-ПОЛЛ НӘТИЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТӨРТ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Admin