Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «BEREKE FEST» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күніне орай, 2026 жылғы 1-7 шілде аралығында республика көлемінде «Bereke Fest» акциясы өтеді.
Аталған акцияның мақсаты – Конституцияның қоғамдағы маңызын дәріптеу, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қолдау және халықты сапалы тауарлармен әрі қолжетімді бағамен қамтамасыз ету.
Акция аясында Түркістан қаласындағы төменде көрсетілген сауда орындарында бірқатар азық-түлік және күнделікті тұтыну тауарлары 10 пайыздық жеңілдікпен ұсынылады.
▫️ «Молшылық» супермаркеті – Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, 26;
▫️ «Дастархан» супермаркеті – Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, 16;
▫️ «Халық» гипермаркеті – Түркістан қаласы, Батырбеков көшесі, 6.
Барша Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Bereke Fest» республикалық акциясына қатысып, тиімді ұсыныстарды пайдалануға шақырамыз.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанда «Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

Admin

Осы жазда қазақстандық шоу бизнес жұлдыздары қайда демалды?

Admin