Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Төлеби ауданында округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне оқыту семинарлары өткізілуде

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мақсатында Төлеби ауданындағы округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылуда.
Семинарлардың негізгі мақсаты – комиссия мүшелерінің сайлау заңнамасы бойынша білімін жетілдіру, сайлау процесін ұйымдастыру тәртібін түсіндіру және сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес өткізуге қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту барысында сайлау заңнамасының негізгі талаптары, комиссиялардың міндеттері мен өкілеттіктері, дауыс беру процесін ұйымдастыру, сайлау құжаттарын рәсімдеу және дауыстарды санау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мұндай оқыту іс-шаралары сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыруға, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ «СК-ФАРМАЦИЯ» ҚОЙМАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Admin

Медициналық сағаттандыру мәселелері бойынша кеңес алу үшін еңбек ұжымдары онлайн-өтінім бере алады

Admin

Халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет инфляцияны төмендету шараларын бақылауды қамтамасыз етеді

Admin