Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТМД байқаушылар миссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қорытынды баға берді

ТМД байқаушылар миссиясы Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына қорытынды баға берді. Байқау қорытындысы бойынша Миссия дауыс беру нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Халықаралық байқаушылар сайлауды әділ, бәсекелі және ашық өтті деп бағалады.

Дауыс беру күні Миссия өкілдері Қазақстанның 14 өңіріндегі 900-ден астам сайлау учаскесіне барды. Миссия басшысы, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенконың айтуынша, дауыс беру процесі ұйымдасқан түрде, тыныш әрі қолайлы жағдайда өткен. Ал дауыстарды санау рәсімі сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілген.

«Сайлау нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ», – деді Игорь Петришенко.

Оның айтуынша, сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлау заңнамасының ықтимал бұзушылықтарына жедел ден қоюға және азаматтарды қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыруға қажетті жағдайлар жасалған. Келіп түскен шағымдар мен өтініштер заңда белгіленген тәртіппен қаралған.

Миссия басшысы сайлау процесінің құқықтық негізіне де тоқталды. ТМД байқаушыларының бағалауынша, Қазақстанның қолданыстағы сайлау заңнамасы сайлауды еркін әрі демократиялық түрде өткізуге жеткілікті жағдай жасайды.

ТМД байқаушылар миссиясы сайлау науқанына мониторинг жүргізуді 3 тамызда бастады. Осы кезеңде Миссия өкілдері сайлау комиссияларының мүшелерімен және сайлаушылармен кездесіп, дауыс беруге дайындық барысын, сайлау процесін және одан кейінгі дауыстарды санау жұмыстарын бақылады.

Байқау қорытындысы бойынша Миссия сайлауға қорытынды бағасын ұсынды.

«ТМД байқаушылар миссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы жоғары ұйымдастырушылық деңгейде, Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына толық сәйкес өткізілді деген қорытындыға келді.

Ұқсас жазбалар

Ақордада Чехия премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті

Admin

ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ ТАҒАМЫН ҰНАТАДЫ?

Admin

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА «ЭКО-ТРАК» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Admin