Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпарат

Threads-тегі жалған ақпарат: Астанада күдікті ұсталды

Алаяқтық және жалған ақпарат тарату күдігімен Астана қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

Анықталғандай, ол Threads әлеуметтік желісінде анонимді аккаунт арқылы әскерде қызмет ету кезінде өзіне қатысты болған деген ойдан шығарылған оқиғаны жариялаған. Жазбада өзін жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырадым деп көрсетіп, қоғам арасында алаңдаушылық туғызған.

Тексеру барысында аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Құзырлы органдар азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.

Ұқсас жазбалар

ТүркПА байқаушылары: референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ

Admin

Тоқаев пен Вучич кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Admin