Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Тағамдар туралы қызықты деректер

* 1830 жылы кетчуп дәрі ретінде сатылған.

* Оңтүстік Америкада құмырсқалар мен термиттерді жүгері сияқты қуырып жейді.

* Киви шын мәнінде Қытайдан шыққан, оны қытайлықтар қытай қарлығаны деп атайды.

* Өнделген азықтардың көпшілігінде таскөмір шайыры бар, ол балалардың шектен тыс белсенділігін тудырады.

* Брокколидің құрамында «С» дәрумені – апельсиндегіден, ал кальций – сүттегіден екі есе көп.

* Карамельді арабтар ойлап тапқан.

* Мүкжидек піскен кезде резіңке шарлар сияқты «секіреді».

* Қызанақтың 10 000-ға жуық сұрыптары бар.

* Жержаңғақты динамит жасауға пайдаланады.

* Қарбыздың 92%-ы судан тұрады.

* Салат-латук күнбағыстар тұқымына жатады.

* Асқабақтың гүлін де жеуге болады.

* Фри картобы ең алғаш Бельгияда жасалған.

* Алмұрт, қараөрік пен алма раушангүлділер тобына жатады.

* 100% табиғи апельсин шырыны 100% жасанды хошиістендіргіштерден жасалады.

* Кәмпит бір кездері тауар саудасын жүргізу үшін валюта ретінде қолданылған.

* Тұрып қырыққабат тұқымдас болып есептеледі.

* Секундына 75 McDonald’s гамбургері сатылады.

* Жержаңғақ – шын мәнінде жаңғақ емес, бұршақтұқымдас.

* Банан күйзеліспен күресуге көмектеседі.

* Алманың 25%-ы ауадан тұрады, сондықтан, ол суға батпай, жүзіп жүреді.

* Жер бетінде алманың 7500 сұрпы бар.

* Балды дәмі мен қасиетін бұзбай 3000 жыл сақтауға болады.

* Етті ең аз тұтынатын халық – үнділер.

* Корейлер сегізаяқты тірідей жейді.

* Етін тамаққа қосу үшін адамдар секундына 1776 жануарды өлтіреді.

* Ащы тағамға құмар адамдар ұзақтау өмір сүреді.

* Австралия – етті ең көп тұтынатын ел.

* Қойбүлдірген, таңқурай мен қара бүлдірген шын мәнінде жеміске жатпайды.

* Банан, қызанақ, қарбыз бен асқабақ – жеміс.

* Тамаққа көкөніс қосудан қорқу лаханофобия деп аталады.

* Бадам шабдалы тұқымдастарға жатады.

* Шие ағзадағы қабыну мен буын ауруларының алдын алады.

 

Ұқсас жазбалар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

Admin

ТҮРКІСТАН: ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ АРЫС ПЕН ОТЫРАРҒА КЕЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ТҮРКИЯҒА КЕТТІ

Admin