Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарМәдениетЭкономика

ТӘЖІКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.
Қазақстан Республикасында өтетін Тәжікстан Республикасының Мәдениет күндері аясында Шымкент қаласындағы іс-шаралар бағдарламасы:
?26-28 тамыз күндері «Көрме» орталығында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдері, отандық қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
?27 тамыз күні сағат 15:00 – «Признание саразма» көркем фильмінің көрсетіліміне ұласады. («Гипер Хаус» сауда үйі);
18:00 –Халық шығармашылығы, ұлттық киімдер, картиналар мен фотосуреттер көрмесінің таныстырылымы және Тәжікстан Республикасының мәдениет және өнер жұлдыздарының қатысуымен салтанатты концерт өтеді («Түркістан сарайы» концерттік залы).

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Admin

«Digital Nauryz»: Қазақстанда Наурызды заманауи форматта атап өтудің нәтижелері жарияланды

Admin

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Admin