Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Спорт

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АРМРЕСТЛИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 28 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Алматы қаласында өткен Армрестлингтен 44-Әлем чемпионатында Шардара ауданының спортшылары 28 алтын медальға ие болды. Сонымен қатар, түркістандықтар 10 күміс және 5 қола медальға қол жеткізіп әлемдегі үздік клуб екенін тағы да дәлелдеді. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте 1-орынды абыроймен жеңіп алды.
Бүгінде Шардара ауданындағы Армспорт мектебін «Чемпиондар шеберханасы» деп атауға болады. 2001 жылы негізі қаланған «Shardara Arm» спорт кешенінен бүгінге дейін 130 әлем чемпионы, 300 Азия чемпионы, 462 ҚР чемпионы шыққан. Бұған халықаралық жарыстар мен республикалық турнирлерді қоссаңыз аймақтан шыққан білекті де жүректі спортшылардың жетістігі жетерлік. Соның ішінде Шардара Армрестлинг клубы 2012 жылдан бері жалпы есепте 1-орын иеленіп жүр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жазбалар

АSIAN CUP, SHYMKENT-2025: ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН АЗИЯ КУБОГІ ӨТІП ЖАТЫР

Admin

Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды

Admin

БИЫЛ КҮЗДЕ ТҮРКІСТАНДА WBC AMATEUR TURKSOY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Admin