Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамСпорт

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫ МҰХАММЕДСАБЫР БАЗАРБАЙҰЛЫ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖОЛДАМАСЫН ИЕЛЕНДІ

Бокстан Бангкок қаласында өтіп жатқан соңғы лицензиялық турнирде бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Шешуші айқаста жерлесіміз (63,5 кг) Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-рет толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж додасына жолдама алу үшін «тар жол, тайғақ кешуден» өтті. Алдымен ҚР Спартакиадасында топ жарды. Одан кейін Италиядағы лицензиялық турнирге қатысып, 1\16 финалда жеңілді. Елімізде кезекті рет осы салмақта іріктеу өткізіліп, 3 қарсыласын жеңді. Ал Тайланд төрінде 6 жекпе-жек өткізді. Кубалық қарсыласына есе жібергенімен қалған 5 қарсыласын жеңді. Үлкен еңбекпен келген жолдама Париж Олимпиадасының жүлдесіне айнала берсін!
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ГАЗБЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ 65,2 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Admin

Шаруалар су үнемдеу жүйелеріне төленетін субсидия мөлшерін ұлғайту шешіміне қуанышты

Admin