Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласының «Жеңіс» саябағында Жеңіс күніне орай мерекелік шара өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облыстық Қорғаныс істері бойынша департаменттің бастығы Нұрмаханбет Бексейітұлы қатысты.
Шара барысында әскери қызметте еңбек етіп, қоғам үшін игі істер жасаған азаматтар марапатталды.
Өнерпаздар Жеңіс күніне арналған қойылымдарын қойып, жас жеткіншектер өлең шумақтарын арнады.
Жиынға қатысушылар даңқ мемориалы алдына гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етті.

Ұқсас жазбалар

«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Admin

Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

Admin