Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Спорт

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРҒА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ҚАТЫСТЫ

Түркістандағы экологиялық акция «Жазғы демалыс – спортпен» ұранымен ашық алаңдағы спорттық ойындармен жалғасты. 200-ден аса жасөспірім қатысқан шарада спортшылар қазақтың ұлттық ойындарымен бірге дойбы, ләңгі тебу, белтемірге тартылу, секіргішпен секіру, шахмат сияқты спорт түрлерінен жарысқа түсті. Ойынға қатысқандардың ең жасы – 5 жаста. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілер тарапынан сыйлықтар беріліп, алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
Қала тазалығына жанашырлықпен қарау – азаматтық борышым деп білген халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, түркістандық дзюдошы Дидар Хамза да белсенді атсалысып, жасөспірімдерге үлгі бола білді.
Спорттық ойындар соңы тұрғындарға арналған концерттік бағдарламаға ұласты. Жиналған қауымға қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері өнер көрсетіп, ерекше көңіл-күй сыйлады. «Яссы» халықтық этнофольклорлық ансамблі мен әншілер өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазақ күресінен 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталады

Admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Admin

ГІР КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ 6 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Admin